Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған

2025 жылдың 10 қараша Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары жоғары медициналық колледжі студентеріне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында колледж қызметкерлері мен студенттері Жолдаудың негізгі идеялары туралы сөйлесіп, жастар оны жүзеге асыруға қалай көмектесе алатыны туралы ой бөлісті. Әркім Президенттің белгілі бір бастамасының маңыздылығы туралы өз пікірін білдіре алды. Әсіресе, жастардың білім алудағы, қоғам өміріне белсенді қатысудағы және инновациялық идеяларды жүзеге асырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
«Дөңгелек үстелге» қатысушылар Жолдауда көрсетілген барлық бағыттар Әділетті Қазақстанды құру жолындағы нақты қадамдар екеніне келісті.