Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері тілдер апталығы аясында №12 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары үшін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты танымдық сағат өткізді. Оқушылар өздерінің білімдерін көрсетіп, тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтарды шешіп, әдебиет және тарих бойынша сұрақтарға жауап берді.