Қазақстан халқының бірлігі күні

28 сәуір күні шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Funny English” БАК Балалар Ағылшын клубының “бір шаңырақ астында”-отырысы өтті.
Қазақстан Халқының Бірлігі күні – бұл достық, түсіністік және келісім мерекесі, олар елдегі бейбіт өмір үшін өте қажет, өйткені біздің елімізде бір шаңырақ астында 120-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді.
Біз отырысты тек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың әрқайсысы осы сөздерді әртүрлі тілдерде оқуға тырысты. Біздің жас қатысушыларымыз бір-бірін басқа халықтардың дәстүрлерімен таныстырды. Көңілді билер, ойындар, жарыстар – осының барлығы іс-шараны “полиглотиктардың” ең жарқын мерекелерінің біріне айналдырды. Отырысқа қатысушылардың көңіл-күйлері көтерінкі болды. Балалар өздерінің глоссарийін осы тақырыптағы клише–сөздерімен толықтырды.
Отырысымызда тақырып бойынша қызықты презентация мен бейнероликтер көрсетілді. Біздің ең креативті қатысушыларымыз белсенді қатысты, жас полиглотиктер Отан, отбасы және халық туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер оқыды. Мереке сәтті өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *