5 қыркүйек-Қазақстан халқы тілдері күні. Көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: Әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосқан баға жетпес үлес.
Осы мерекеге орай шетел тілдері әдебиеті бөлімі кітап көрмесін дайындады. Көрнекті тіл мамандарының әдебиеттерімен, тіл саясаты, мәдениеті, тіл білімінің тарихы, егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі және басқа да басылымдармен, сондай-ақ тіл мәселесін көтерген қазақтың белгілі жазушылары – А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Абай Құнанбаевтың шығармаларымен таныса аласыздар. Мұнда «Ана тілі», «Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері», т.б. ең танымал кітаптар да ұсынылған. Сүйікті оқырмандарымызды кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз.