3 қазан М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Бірлік пен татулық – тұрақты дамудың кепілі» атты онлайн форматтағы диалог-кешті ұсынады.
Іс-шара модераторлары ретінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы – Шакшаков Қуаныш Ғибадатұлы мен «Объединение поляков Акмолинской области» этномәдени бірлестігінің төрайымы – Нагачевская Наталья Михайловна қатысты.
Елімізде жаңаша, және нағыз бірлік пен татулықтың нышанына айналған – Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Осы уақыт ішінде ұйым үлкен тарихи жолды жүріп өтті, барлық ұлт-өкілдері арасындағы өзара келісім нығая түсіп, жаңа бастамалар бой көтерді. Ассамблеяның еліміздегі әр-түрлі салаларына көрсеткен ықпалы орасан зор. Сан-алуан мәдени іс-шаралар мен жобалар Ассамблеяның маңыздылығын қазақстандықтарға әлі күнге дейін жеткізіп жүр.