20 маусым күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК, ақпараттық-библиографиялық бөлім мен қоғаммен байланыс және көпшілік іс-шаралар бөлімінің қызметкерлері Қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың 95 жылдығына арналған «Қазақтың асыл перзенті» атты ашық аспан аясында кездесу ұйымдастырды.
Мақсаты: Еркін ағамызға көрсетіліп отырған осы құрмет арқылы біз жас ұрпақ алдындағы ағалық парызымыздың бірін атқарып, Алаштың асыл ұлы – Еркін Нұржанұлы Әуелбековтың есімі әр жүректе сақталып, баршамызды татулыққа, ынтымақ пен бірлікке бастай беретіне сенім мол.
Ардақты ағамыздың тамаша еңбек жолына, түрлі өңірдегі абыройы мен құрметіне бойындағы біз айтқан асыл қасиеттері дәнекер болғаны белгілі. Біз де бұл ер мінезді серік еткеніміз абзал. Сонда ғана ырыс пен берекеден айырылмаймыз.
Іс-шара Еркін Әуелбеков ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды.
Еркін Нұржанұлының өмірбаяны, еңбек жолы толық баяндалды.
Көкшетау қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлиев Шияп Шарапұлына, «Еркін Әуелбеков» қоғамдық қорының төрағасы Нуртазин Оразкен Ермекұлына, Белсенді ұзақ өмір орталығының директоры Смағұл Бақыт Қайыржанұлына, Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бас инспекторы Рахимжанова Гүлім Амангелдіқызына, Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Оспанов Қуаныш Ерғалиұлына сөз берілді. Еркін Нұржанұлы туралы естеліктермен бөлісу үшін еркін микрофон ұсынылды.
«Қазақтың асыл перзенті» атты көрмеге шолу жасалынып, кітаптар мен мерзімді басылымдар таныстырылды.