Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың туғанына 90 жыл толуына орай көрермен назарына ақынның «Бір ауыз сөз» өлеңін ұсынады.
Кәкімбек Салықов – қазіргі қазақ поэзиясында есімі кең тараған ақындардың бірі. Оның әсем лириктігіне қоса, өзі шығарған және өлеңдеріне жазылған әндер қосылып, ақын атын елге әйгілеп жіберді. Қазір қазақ даласының қай түкпіріне барсаңыз да, халықтың сүйікті әндеріне айналып кеткен «Жезкиік», «Аққу жеткен», «Саумал көл», «Сарыарқа», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Оқжетпес», «Көкшетау» деген әндер алдыңыздан шығады. «Бір ауыз сөз» өлеңі де көптің аузында. Бұл туындының әнін танымал композитор Шәміл Әбілтаев жазған болатын. Бүгінгі күні, әсіресе, Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың орындауында дүйім жұртқа белгілі болды.