Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Білім инновация» лицей-интернатының оқушыларымен 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған «Қайсар жүрек — Отан қорғаушы» атты сайыс өткізді.
Сайыс жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өтті.
Шара аясында оқушылар әскери-тарихи викториналарға қатысып, жылдамдық пен тапқырлықты қажет ететін түрлі кезеңдерден өтті. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар өз білімдері мен шеберліктерін көрсете білді.