Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, майдангер жазушы, журналист, аудармашы, қоғам қайраткері Қалмұқан Исабаевқа 100 жылдығына орай, деректі фильмінен үзінді ұсынады.
Қаламгер 1925 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмәмдап, шығармашылық жолын журналистикадан бастаған.
Қ.Исабай қазақ жазушыларының ішіндегі өз шығармаларында Еуропа елдерінің халықтары өмірін сомдаған ең алғаш жазушы болған. Оның шығармашылығында қазақ зиялы қауым өкілдерінің қалыптасуы, қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбекқорлық ерліктері көрініс тапқан.
Ертіс – Қарағанды каналының жобасымен танысып, 1961 жылы болашақ су жолы жүретін жерлермен 500 километр жаяу сапар шегіп, «Гвардейц стройки» атағына ие болған. Нәтижесінде «Арман арнасымен» атты күнделік кітабы, «Өткелде», «Арна» романдары жарық көрді.