Қаныш Сәтпаев

12  сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Ұлы ғалымға тағзым» атты Қаныш Сәтпаевтың туған күніне орай кездесу еске алу кешін өткізді.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев – Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі. Ол Қазақстандағы ғылыми және техникалық дамудың көшбасшысы болды. Қазақтан шыққан тұңғыш ғылым докторы еді. Осындай  ұлы тұлғаны дәріптеу барлығым үшін міндет.

 Іс-шараның мақсаты: ғалымның мұрасын кеңінен насихатап, кейінгі ұрпаққа жеткізу; Ұрпақ сабақтастығын нығайту; Ұлт ғалымдарының атын мәңгі жаңғырту.

 «Ұлы ғалымға тағзым» атты Қаныш Сәтпаевтың туған күніне орай өткен кездесуге 4 мектептің 6,7,8 сынытың оқушылары қатысты. Алдағы уақытта да осындай игі іс-шаралар жүзеге асатын болады.  Ғылым күні, Қаныштың туған күні құтты болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *