Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Қыз болашағы – ел болашағы» атты тақырыптық сағатты №6 мектепте өткізді. Шара «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында өтті.
25 қараша Біріккен Ұлттар Ұйымы бекіткен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Осы күннен бастап дүние жүзіндегі елдер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған 16 күндік белсенділікті бастайды. Жыл сайынғы науқан 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Іс-шараға Көкшетау қаласының полиция басқармасының тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі аға инспектор, полиция аға лейтенанты Трайбер Эльвира Андреевна және №6 орта мектептің медбикесі Баядилова Шолпан Ғаббасқызы қатысты.
