Құттықтаймыз!

7 қараша күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Кітапханалық одағының «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» медальдері Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының үздік кітапханашыларына табысталды — көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Аубакирова Жадра Мынжасарқызына және негізгі қорды сақтау бөлімінің резервтік қор секторының меңгерушісі Шоғырмақова Гүлнұр Болатқызына.
Бүгін Мағжан Жұмабаев АОӘҒК директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттап, құттықтады.
Облыстық кітапхана ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейді!