Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Отбасы күніне арнап «Үлкен ел — үлкен отбасы» атты іс-шара өткізді. Ата-ананың балаға, баланың ата-анаға деген құрметі мен махаббатын түсіндіру мақсатында өткен іс-шараға мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар отбасындағы бақыт жайлы таласа сөйлеп, жазғы демалыстарын, жарқын сәттерін баяндады. Іс-шара соңында балалар отбасы жайлы мақал-мәтел айтып, сөздерін қорытындылады.