Ұлттық кітап күні

16 сәуір Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне арналған «Кітап – ұлттың рухани тірегі» фестивалі «Kitap аvenue» үшінші күні аясында «Мәртебелі кітап» атты кітап жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға қаламыздағы «Келешек-2030», «Кітап –Аманат», «Мир печати» баспалары шақырылды, олар кітапхана қонақтарына өздерінің баспа өнімдерін ұсынды.
Оқу интеллектуалды деңгейдің жоғарылауына ықпал етеді, адамның жалпы сөздік сауаттылығын арттырады, сонымен қатар оқу арқылы сөйлеу дағдылары,өз ойларын нақты, анық және әдемі тұжырымдау мүмкіндігі дамиды.
Кітапхана – кітап оқуға бағдар және оның негізгі міндеті – өскелең ұрпақтың қағаз кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан ол кітап оқуға мүмкіндігінше көп уақыт бөлді.
Кітапхана оқырмандары мен бүгінгі жәрмеңке қонақтары кітаптарды қуана-қуана сатып алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *