М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 15 қараша – Ұлттық валюта күніне арналған «Ұлттық теңге Тәуелсіздік келбеті» атты ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шараға №12 орта мектебінің 7 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара теңгенің пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы, жаңадан айналымға енген ұлттық валюталар жөнінде ақпарат беру мақсатында өткізілді.
Шара барысында оқушылармен «Ұлттық теңге мәртебесі» атты викториналық шоу және түрлі сұрақтар мен ойындар ұйымдастырылды..