Ұлттық өнердің жаңа тынысы

Кимешек-қазақ әйелдерінің киелі бас киімі. Соңғы жылдары кимешек кию үрдісі жоғалып бара жатқан еді. Кәсіби шеберлердің арқасында қазір бұл бас киімді кию дәстүрі қайта жаңғырып, заманауи түрге енген. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімінің «Ұлттық өнердің жаңа тынысы» айдарында осындай ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, жүрген Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің киім дизайны пәнінің оқытушысы, Еуразиялық Дизайнерлер Одағының мүшесі Күлжазира Хавдыразах кестеленіп тігілген кимешек дәстүрлі нақыштарымен және символдық мәнімен ерекшеленетінін баяндап берді. Ұлттық киімімізді тек мерекелерде ғана емес, күнделікті өмірде де киюді қолға алсақ, дәстүріміз жаңғырып, әдет-ғұрпымыз да ұлықтала түсер еді. Қолөнерші әрбір жұмысына қазақ әйелдерінің рухани байлығын, аналық мейірімін, және ұрпақ сабақтастығының маңызын жеткізе білген.