Ұлт ұстазы – Ахмет

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы ұлт көсемі, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты республикалық челленджді бастайды. Бұл челлендж еліміздегі барлық Республикамыздағы облыстық кітапханаларға жолданады. Мақсаты – ақынның мол мұрасын, шығармашылығын дәріптеу, насихаттау. Ұлтымыздың ұлы ұстазын ұлықтайтын осынау шараны әрі қарай республикалық сипатта жалғасын тапса деген тілекпен облыстық кітапхананың атынан челленджді Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасына жолдап отырмыз.
Ал, облыстық кітапханаға қарасты орталықтандырылған кітапханалар жүйесі челленджді аудандарға таратып, жалғастырады.
Құрметті әріптестер, қолдау күтеміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *