«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Ұлылықтың үлгісі – Тәкен Әлімқұлов» атты іс-шара өткізді. Шараның мақсаты: жастарды кітап оқуға баулу, Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығымен таныстыру.
Жастармен бірге жазушының шығармалары бойынша талқыланды. Өз ойларын еркін жеткізіп, жазушының шығармаларын көркем баяндады. Алдағы уақытта, басқа да білім ордасының жастарымен бұл үрдіс жалғасатын болады.




