Ұлы Жамбылдың ұрпағы кітапхананы құттықтайды

Алаштың абыз ақыны  Жамбыл Жабаев өзінің жалынды жырларымен халқымызды қанаттандырып, батырларымызды рухтандырып, қос ғасырдың шежіресін жырлап өткен Ұлы тұлға.  Биылғы жылы Жыр алыбының 175 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде. Асылдарымыздың атын ардақтап, рухани мұраларының қадір қасиетін білу олардың есімін ұлықтау, әрі  қадір-қасиетін білу, олардың есімін ұлықтау әрі мәңгілік ету  ұрпақтың парызы, бүгінгілердің міндеті.

Ғасыр жасаған бабамыздың дүниеден өткен жылы Көкшетаудағы біздің кітапханамыз ашылған екен. Сөйтіп Ұлы Жамбылдың рухы мен үні біздің кітапханамызға ауысқандай. Сол сабақтастықты жанымен, жүрегімен қабыл алған Жамбылдың немересі Әлімқұл ақынның баласы Мұратханның ұлы Ерсұлтан бабадан қалған қасиетті қара домбырасын күйлеп, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасын мерейтоймен құттықтап, әннен шашу шашып, ақ тілегін жолдады.

Менің пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай! – деген абыз ақынның ұранын ұлықтаған шөпшегі де сол Сүйінбай атамызды пір тұтқан Жамбыл ата өзінің пірі екенін осы жыр шумағынан аңғартады.

Ал, қанеки оқырман, назар салып тыңдаңыздар, біздің қуанышымызды бөлісіңіздер!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *