Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі қолданушыларына Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс Туын желбіреткен қайсар қазақ» онлайн режимінде батырлар сағатын ұсынады. Ұлы Отан соғыс жайында жазылған шығармалар, мағлұматтар, мақалалар оқи аласыздар. Ұлы Жеңіс тек соғыс майдандарында ғана емес, тылда да болды. Мұғалімдер де жауды жеңуге үлкен үлес қосты. Соғыс уақытындағы барлық ауыртпалықтарға қарамастан, балалар қажетті білім алуы үшін бәрін жасауға тырысты. Біздің міндетіміз – ата-бабаларымыздың ерлігі туралы тарихи жадты сақтау.