Ұлы әдебиетшілердің ұлы суретшісі.

Андре Моруа – танымал жазушы, француз әдебиетінің классигі, ақын. Биыл бұл қаламгердің туғанына 140 жыл толып отыр.

Жастайынан жақсы білім алып, Бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында әскери аудармашы ретінде қызмет етті. Соғыс барысында көргені кейін алғашқы шығармасында көрініс тапты. Ең бірінші романын оқырмандар отанында ғана емес, Ұлыбритания мен АҚШ-та сәтті қабылдады. 1921 жылы жарыққа екінші романы шыққан соң, Андре жазушылыққа  теренінең кірісті.

Жалпы шығармашылық жолында шамамен 200 кітап пен мыңдаған мақалалар мен очерктер жазып қалдырды. Француз академиясының мүшесі болды, және ұстаз ретінде де жұмыс атқарды.

Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімі оқырмандардың назарына «Ұлы әдебиетшілердің ұлы суретшісі. Великий биограф великих литераторов. The Great Biographer of Great Writers» атты медио вояжды ұсынады.