Әбілахат Есбаевтың 100 жылдығына орай

23 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі Әбілахат Есбаевтың 100 жылдығына орай әндері туралы ақпарат ұйымдастырды.
Композитор вокалдық музыка жанрында ән-романс, баллада, хорға арналған шығармаларды көп жазды. Оның «Маржан қыз», «Әлі есімде», «Сағыныш екен бала кез», «Жайық қызы» (З.Қабдолов), «Ақ сәуле” (сөзі Қ.Аманжоловтікі), «Шофер келді қырманға» (Т.Ысмайылов), «Қыз қуу» (Қ.Шаңғытбаев), «Бейбітшілік сақталады» (Н.Шәкенов), «Республика туралы жыр» (І.Мәмбетов), «Торғай толғауы», «Жанкелдин отрядының әні» (Ғ.Қайырбеков), «Солдат сәлемі» (Н.Шәкенов), «Тобыл толқыны» (С.Тұрғынбеков), «Сағыныш екен бала кез» (О.Әубәкіров), «Өзің де жігіт, қызықсың» (М.Әлімбаев), «Қыз әзілі» (Қ.Шаңғытбаев), «Жігіт жауабы» (Ә.Жәмішев), «Ұстазым» (Н.Шәкенов), «Қайдасыңдар, достарым» (Ә.Дүйсенбиев) әндерінің қай-қайсы мыңдаған тыңдаушының жүрегінде жатталған сәтті туындылар.