ӘГУГӘЙ, ДОМБЫРА

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Ұлттық домбыра күніне арналған «Әгугай, домбыра!» атты мерекелік іс-шара өткізді.
Әсем әнімен, шаттық үнімен жанды жадыратар Ұлттық домбыра мерекесі жыл сайын елімізде дәстүрлі өткізіліп келеді. Аталмыш іс-шара баршамызға ортақ құндылығымыз болған қасиетті домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара Қайыржан Рауана және Азаматұлы Әмірәлінің орындауында«Салкүрең» атты халық күйімен басталды. Шара барысында күмбірлетіп күй төгіліп, әуелетіп ән шырқалды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық, екі шекті, тоғыз пернелі аспабы жайлы қызықты, толық мәліметтер айтылды.
Болашақ таланттардың шабытын шалқытқан шаттық мерекесі Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйімен жоғары рухта аяқталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *