М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының мәдениет үйінде «Әдебиеттерді есептен шығарудың проблемалық мәселелері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтіп жатыр.
Іс-шара өңір кітапханаларын дамытудың заманауи әдістерін іздеуге, кәсіби тәжірибені жинақтауға, перспективалық мақсаттар мен міндеттерді анықтауға бағытталған.
Семинар жұмысына 17 аудандық, 3 қалалық мемлекеттік кітапханалар жүйесінің директорлары мен мамандары қатысып отыр.
Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Баубекқызы Сәбитова және М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов алғы сөзбен ашып, қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Мәдени құндылықтарды сақтап, келешек ұрпаққа тарату, бай мәдени мұраны дәріптеу, ауданның әлеуетін арттыру, игі дәстүрлерді жалғастыру жолында аянбай еңбек атқарып жүрген кітапханашылар Ақмола облысының әкімі Марат Мұратұлы Ахметжановтың және мәдениет басқармасының атынан алғыс хаттармен марапатталды.