«Әдебиетті есептен шығарудың проблемалық мәселелері» облыстық семинар

Бурабай ауданы Оқжетпес ауылының мәдениет үйінде «Әдебиеттерді есептен шығарудың проблемалық мәселелері» тақырыбында өткен облыстық семинарда Бурабай орталықтандырылған аудандық кітапхана жүйесі жаңа жобаларымен таныстырды.
М.Жұмабаев атындағы Aқмола облысы әмбебап ғылыми кітапхананың жинақтау және өңдеу бөлімінің меңгерушісі Қ.Колпауова кітапхана қорлары: статистикалық талдау мәселесі, нормативтік реттеу және Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорынан құжаттарды қолданыстан шығару мәселелері туралы, кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Е.Жезлова кітапханалардың есеп беру қызметінің өзекті мәселелері, 9 айдың рейтинг көрсеткіштері бойынша, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің қорларды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Е.Медведева кітапхана қорын тексеру: негізгі ережелер, қайта бағалау тақырыбында баяндама жасады.
Семинарға қатысушылар әдебиеттерді есептен шығарудың құжаттарын әзірлеу мәселелері бойынша сұрақ-жауап форматында талқылап, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов рейтинг көрсеткіштері бойынша аудандық кітапханалар ұжымына сертификаттар табыстады .

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *