Әдеби мұра және Қалмұқан Исабаев

21 қараша күні М. Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Әдеби мұра және Қалмұқан Исабаев» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері қатысып, жазушы Қалмұқан Исабаевтың өмірі мен шығармашылығы, оның қазақ әдебиетіндегі орны туралы кеңінен толғады.
Кітапхана қызметкері Рамазан Бауыржанұлы жазушының әдеби мұрасы, тарихи және көркем шығармалары жайында жан-жақты мәлімет беріп, Қалмұқанның шығармашылығы жайында ой қозғады. Дөңгелек үстел барысында студенттер сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін білдіріп, шығармаларғына талдау жасады.
Бұл дөңгелек үстел жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, тұлғалық және рухани даму жолында маңызы зор тағылымды кездесу екені айқын.