Әдеби мұра – ұлт қазынасы

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетіндегі 100 таңдаулы шығарманы анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнаманы қолдау мақсатында «Әдеби мұра – ұлт қазынасы» тақырыбында зиялы қауым мен оқырмандардың кездесуі өтті.

Кездесу барысында жергілікті ақын-жазушылар, кітапхана қызметкерлері мен облыстық мәдениет басқармасының өкілдері елімізде ұрпақ тәрбиелеу және ұлттық әдебиетімізді кеңінен насихаттау мақсатында жүріп жатқан «100 кітап» ұлттық сауалнамасынан өтуді қолдау, оны халық арасында насихаттау мен тарату ісіне үлес қосуға шақырды. Бейнебайланыс жүйесі арқылы Ақмола облысының барлық кітапхалары қосылып, өз пікірлерін білдіруге мүкіндік алды.

Сөз алған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы жазушы, журналист Серік Жетпісқалиев ұмытылып бара жатқан кітаптарды жаңғыртып, осы 100 кітап қатарына қосуға өз ұсыныстарын білдіріп, сауалнамадан өтетіндерін айтты.

Кездесуде қоғамды кітап оқуға үндеу, әдеби мұраны дәріптеу, түрлі буын өкілдерінің кітапқа деген талғамын зерделеп, әдеби құндылықтар жүйесін саралау тақырыптары қозғалды.