19 қаңтар күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер әдебиеттері бөлімі, композитор Әздембай Көтербаевтың 190 жылдығына орай «Күнтізбе беттерінен» timе плас ұйымдастырды. Әздембай Көтербайұлы (1836-1916) ж. –Ақмола облысы, Шарбақкөл ауданының Теке деген жерінде туған. Халық арасында Әздембайды сал деп атаған. Әздембай сал – Арқаның танымал ақындарының бірі, әнші-композитор, домбырада шебер ойнаған. Балуан Шолақ, Ғазиз, Жаяу Мұсалармен үзеңгілес болып, оларды ұстаз тұтқан. Бірқатар зерттеушілер оның шығармалары турасында айтарлықтай қор жинады. Бозтай Жақыпбаев Әздембай сал мұрасын жинап, оны 1946 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының қолжазбалар қорына аманаттады. 1961 жылы шежіре жинаушы Жұматай Мәдиев (1923-1967) Әздембайдың қолжазба мұрасын қорға тапсырды. Әздембай Салдың өзі шығарған әндері көп болған. Оның шығармалары халық өміріне, болыс пен бидің қорлық-зомбылығын әшкерелеуге байланысты туындаған. Ол негізінен өзінің жүдеу-жадау тіршілігі туралы жазды. Шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа таралып, қазіргі әншілердің орындауларында айтылып жүр.
