Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері орыс әдебиетінің көрнекті өкілі, КСРО және РСФСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Анатолий Наумович Рыбаковтың туғанына 115 жыл толуына орай «Әлем таныған тұлға» атты мазмұнды телебииннале дайындап ұсынады.
Телебииннале барысында жазушының тағдырлы өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен қамтылды. Көркем баяндау мен архивтік деректер арқылы Анатолий Рыбаков ХХ ғасырдағы күрделі тарихи кезеңін адам тағдыры мен рухани аштықты шынайы суреттеген қаламгер. «Кортик», «Қорқыныш балалары», «Арбат балалары» сияқты әйгілі шығармалары арқылы жазушы заман шындығын, адамгершілік пен ар-ождан мәселесін терең толғап, әлемдік әдебиетте өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Телебииннале бейнематериалдармен толықтырылып, көрерменді ойға жетелейтін, танымдық әрі тағылымды мазмұнмен ерекшелейді.
