М. Жұмабаев кітапханасының ұйымдастыруымен Әлібек Асқаровтың 75 жылдық мерейтойына орай «Көркем сөздің кемеңгері» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға №10 мектептің оқушылары қатысып, жазушының өмірі мен шығармашылық жолы, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы әңгіме өрбіді.
Кездесу барысында кітапхана қорындағы Әлібек Асқаровтың кітаптары мен деректемелік материалдар оқушыларға ұсынылды. Оқушылар жазушының шығармаларынан үзінді оқып, талқылауға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстел жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын оятуға, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға және ақын-жазушыға деген құрметті арттыруға бағытталды.



