«Сәлем, Елорда!» ІІ республикалық өнер шеруі аясында келген қонақтарға М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК басшылығы өлкемізді танытып, өңіріміздің саф ауасымен тыныстатып, әсем табиғатымен жақыннан таныстыру мақсатында Бурабайға экскурсия ұйымдастырды.
Арқаның сұлу кербез Көкшетауын көзімен көріп, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайлар жүрген ертегі аңыз мен ертегілер тұнған қасиетті Бурабай жерімен танысты.
Ондағы түрлі тарихтан сыр шертетін әр дәуірдегі тас мүсіндер, мұражайлар, ежелгі қорғандар көрсетіліп, өңіріміздің бай тарихы қонақтарымызға таныстырылды. Сонымен бірге әдемі күзгі пейзаждар әсерлі естелік суреттер де әріптестеріміздің есінде осы өнер шеруінің естелігі болып қалады деп сенеміз.