11 тамыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 12 тамыз – халықаралық жастар күніне орай, «Ойлы жастар – ойлы ел» атты ашық аспан астында кітап көрмесін ұйымдастырды. Қаламыздың жастары көрмені тамашалап, кітаптар туралы, кітапхана ісі туралы мол ақпарат жинады. Алдағы уақытта да осындай көрме ұйымдастырыла бермек.
Жастар – қай заманда, қай елде болмасын асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы.
Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Еліміздегі жас буын өкілдері мемлекетіміздің жаңа келбетін қалыптастырады. Олардың жаңа белестерге деген ұмтылысы жаңа идеялардың туындауына себепші болады. Олай болатын болса, барлық жастарды мерекелерімен құттықтаймыз!