Биыл жерлес ақын, айтыскер, драматург, манасшы Баянғали Әлімжанов мерейлі 70 жасқа толды. Осы мерейтойға орай М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы «Шыршадағы шытырман» шығармасы бойынша әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шара Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде, аталған оқу орны студенттерінің қатысуымен өтті.
Баянғали Тақанұлы Ақмола облысы, Біржан сал ауданында дүние келген. Бала күнінен ауыз әдебиетіне, ән мен жырға әуес болған. Журналистика саласында жемісті еңбек етіп, жеке шығармашылығын да дамыта білді.
Іс-шара барысында Баянғали Әлімжановтың қазақ өнері мен әдебиетіндегі орны, шығармаларының кең де мазмұнды тақырыптары, зерттеушілік қырлары жайында дәріс оқылып, барынша мол мағлұмат берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *