18 қазан — Рухани келісім күніне арналған

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №12 жалпы білім беретін мектепте. 18 қазан — Рухани келісім күніне арналған «Рухани келісім — бірлік бастауы» атты тәрбиелік кеш өткізді. Іс-шара оқушылар арасында рухани келісім, достық, толеранттылық және өзара құрмет сезімдерін нығайту, әртүрлі мәдениеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруі туралы түсінік беру мақсатында өтті. Іс-шара барысында әртүрлі діни сенімдер мен мәдениеттердің Қазақстандағы рөлі талқыланды және оқушылар рухани келісімнің маңызы туралы өз ойларын ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *