«Жүректің жыры — Мағжан»

📚 Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында
«Жүректің жыры — Мағжан» атты әдеби кеш өтті.

🖋 Әдеби кеш барысында Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің аға оқытушысы, әдебиеттанушы Қуаныш Қожабайұлы
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында терең ой қозғап, тағылымды, толымды пікірлерімен бөлісті.

🎓 Іс-шараға №2 мектептің оқушылары белсене қатысып,
ақын мұрасы туралы түрлі деңгейдегі сұрақтар қойды.
Бұл — жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, Мағжан поэзиясына деген ерекше ықыласының айғағы.

💫 Мағжан жыры — жүректен шыққан, ұлт рухын асқақтатар мәңгілік мұра.
Осындай рухани кештер оқырман мен әдебиетті жақындата түсері сөзсіз.