22 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 25-қазан Республика күні қарсаңында мектеп оқушылары үшін «Республика күні: Ұрпақ сабақтастығы» атты тақырыптық кеш өткізді. Іс-шараның мақсаты Республика күні мерекесінің маңызын түсіндіру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерін дәріптеу, жастардың бойына отансүйгіштік рух пен елжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Шара барысында «Менің елім – Қазақстан» атты слайд-презентация көрсетіліп, оқушылар Республика күніне арналған өлеңдерін оқыды.