3 желтоқсан мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне жұртшылықтың назарын аудару және оларды интеграциялау, әлеуметтендіру және қажетті көлемде медициналық көмек алу мәселелерін шешу үшін БҰҰ қарарымен белгіленген Халықаралық мүгедектер күні атап өтілуде. Бүгінде бір миллиардтан астам адам, бұл әлем халқының шамамен 15%-ы, оның ішінде 100 миллионнан астамы балалар.
Елімізде әр түрлі себептерге байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар саны артуда. Қазақстанда 735 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар адам тұрады. Соңғы 10 жылда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны артқан. Ал біздің мақсатымыз, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға шектеусіз мүмкіндік сыйлау. Осы мақсатта еліміз де үлкен жұмыстарды іске асыруда. Сондықтан инклюзивті орта қалыптастыру жұмыстарын жүргіу қажеттілігі өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы осы жолда аянбай еңбек етуде. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер мен балалар үшін «Мейірім шуағы» жобасы жұмыс істеуде. Жоба екі жылдан астам уақыт аралығында 100-ден астам баланы қамтыды. Балалардың мәдени ортасын қалыптастырды. Мүмкіндігі шектеулі балалар кітапхана қызметімен пайдаланып, экскурсиялар мен көптеген іс-шараларға қатысады. Ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін де психологтар шақырылып, әр түрлі тренингтер өткізіледі.




