8 наурыз

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған «Қызғалдақтар бәйгесі» атты әдеби кеш өткізді. Іс-шараға №21 мектеп-лицейі мен №12 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар Ана мен қыз туралы сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешті.

Кеш әдемі әнмен жалғасып, оқушылар аналарына, ұстаздарына және барша әйелдер қауымына арналған жыр шумақтарын арнады. Әдеби кеш аясында қыздар мен ұстаздарға гүл шоқтары сыйға беріліп, тәтті дастархан жайылды. Осы іс-шараға демеушілік көрсеткен «ЖК Кадралин О.Д», «ЖК Жалғас», «Цветочная база №1» алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *