ABAI STREET FEST

7 тамыз күні  Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, ұлы ойшыл, ақын, қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының туған күніне арнап «ABAI STREET FEST» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шара Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, Абайдың 180 жылдығын жоғары деңгейде тойлауға атсалысу мақсатында өтті.

Оқырман назарына «Абай әлемі» атты кітап көрмесі; «Абай» сөзі жазылған кітап инсталляциясы; Шетел тіліндегі Абай шығармашылығы бойынша кітап көрмесі ұсынылды.

Шара барысында филология ғылымдарының кандидаты, ардагер ұстаз Аманжол Ыдырысұлы мен тарихшы ғалым, абайтанушы, ұлағатты ұстаз Мұсатай Ғалым сөз сөйлеп, Абай мұрасы мен шығармашылығы жайлы ой қорытты. Кітапхананың тұрақты оқырман бүлдіршіндері Абай аталарының өлеңдерін оқыды, ақын Рамазан Бауыржанұлы Абай рухына өлең арнаса, ақын, драматург Нұрислам Әбділ Абайдың әнін шырқады.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының ақ жаулықты әжелері мен ақсақалдары Абай Құнанбайұлының әндерін шырқап, іс-шараны әрлей түсті. 5510 әскери бөлімінің жас сарбаздары да ұлы ойшылдың әнін шырқады.