Cеминар-практикум «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану»

Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорттық кешенінде «Кітапхана жұмысында жасанды интеллектті пайдалану» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтуде.
Бұл іс-шара кітапхана саласында жасанды интеллекті қолдану мүмкіндіктерін зерттеуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және кітапханалардың жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Кітапханалардың цифрлық трансформациясына және кітапханалық қызмет көрсетудегі инновациялардың рөліне арналған іс-шараның мазмұнды бөлімінде Қазақстан Республикасы Академиялық кітапханасының директорының орынбасары Нұржан Жолдыбалинов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол цифрлық орта жағдайында кітапханаларды дамытудың негізгі бағыттарына тоқталды.
Қатысушылардың зор қызығушылығын Степногорск қалалық кітапханалар жүйесінің «Жасанды интеллект. Іс әрекет ет. Дамы. Жетістікке жет» атты жобасы тудырды.
Жасанды интеллект кітапханашының сенімді көмекшісіне қалай айнала алатыны туралы сұраққа М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК кітапханаларды дамыту және кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімдерінің мамандары жауап берді.