Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде «Happy English» балалар ағылшын клубының отырысы өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Christmas Meeting».
Кездесу достық қарым-қатынас форматында ұйымдастырылып, қатысушылар ағылшын тілінде жыл қорытындысын жасап қана қоймай, әртүрлі елдердің жаңа жылдық дәстүрлерімен тереңірек танысты.
Балалар Жаңа жылды атап өтудегі отбасылық дәстүрлерімен бөлісіп, сүйікті тағамдары туралы әңгімеледі, сондай-ақ әр елдегі мерекелік дастархан ерекшеліктерін талқылады.
Кездесу соңында қатысушылар мақтау қағаздарымен және жаңа жылдық сыйлықтармен марапатталды. Дәстүр бойынша фотосессия ұйымдастырылды.





