Happy English

20 қаңтар «Happy English» ағылшын клубының кезекті отырысы өтті. Тақырыбы: «Мир детства в мире книг. The world of childhood in the world of books».
Бұл отырыс барысында қатысушылар “Alice in Wonderland”, “Harry Potter”, “Charlie and the Chocolate Factory” және т.б. сияқты ағылшын тіліндегі балалар мен жасөспірімділерге арналған шығармалармен танысты. Балалар қиял мен ғажайыпқа толы туындылардағы басты кейіпкерлерді талқылап, хикая желісін, өздерінің әсерлері мен кітаптағы сүйікті сәттерімен қуана бөлісті.
Ал шығармашылық тапсырма оқушылардың ерекше қызығушылығын оятқан нәрсе еді, онда клубқа қатысушылар өз ойындағы кітап мұқабасын суреттеп, оны ағылшын тілінде ортаға ұсынды.