«Kitap Time — 2025» республикалық кітап фестивалі аясында

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Kitap Time — 2025» республикалық кітап фестивалі аясында «Тұманбайдың тұнық жырлары» атты поэзия кешін өткізді. Ақынның тұнық жырларын сапырған іс-шараға Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері қатысты.
Іс-шара Тұманбай Молдағалиевтың шығармашылығын насихаттау, жастарды кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Студенттер ақын жайлы, жалпы поэзия жайлы өз ойларымен бөлісті.