16 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы №21 мектеп лицейінің 2 «А» және 3 «Б» сынып оқушылары арасында «TazaLike» акциясы аясында «О, табиғат тамылжыған жырымсың» атты сурет байқауын өткізді. Бұл сыныптар бірнеше жылдан бері көптеген кітапхананың іс-шараларына белсене қатысып келеді. Осы жолы да оқушылар өздерінің қылқаламдарынан шыққан туындыларын ұсынды. Өз жас ерекшеліктеріне сай салынған еңбектер бағаланып, әрбір қатысушыға кітапхана директорының атынан Алғыс хаттар және естелікке кітаптар берілді.