Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп оқушылары үшін «TazaLike» акциясы аясында «Табиғатты аялайық» атты экологиялық quiz өткізді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың экология туралы білімін кеңейту, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Қатысушылар интерактивті сұрақтарға жауап беріп,өзара пікір алмасты. Quiz барысында экологиялық бейнероликтер көрсетілді.





