19 қазан күні шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінің кітапханашылары «Алақай! Италия! Ура! Италия! Viva! Italia!» атты Италия мемлекетімен таныстыратын әсем суреттерінен ләззат аларлықтай кітап көрмесін ұсынды.
Италия – қазіргі заман мен тарих қатар өрілген, түрлі дәуірлерден келе жатқан бай мәдени мұрасы бар, дәстүрлер мен өзіндік таңғажайып ерекшеліктері араласқан табиғаты тамаша, тарихы терең тамаша ел.
Рим дәуіріндегі ежелгі ескерткіштер, Венецияның сүйкімді романтикасы, ағаштан жасалған көңілді бала – Пиноккионың елі, Ромео мен Джульеттаның отаны, осынын бәрі – Италия!
Кітап көрмесі Италияның табиғи байлығы, оның тұрғындарының тұрмыс салты, ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері туралы сыр шертеді, Рим колизейі, ежелгі Помпей, Пиза мұнарасы сияқты Италияның ескерткіштері мен музейлерімен таныстырады. Кішкентай оқырмандарымыз итальяның сиқырлы ертегілермен таныса алады, онда Карло Коллоди мен Джанни Родаридің кітап кейіпкерлерін – көңілді және үмітсіз Пиноккио, Чипполино және олардың көптеген достарын кездестіре алады.
Кітап көрмесінде ұсынылған кітаптар итальян мәдениетін жақыннан жақсырақ түсінуге, көрікті жерлерге қиялмен саяхат жасауға, құпияларға қол тигізуге және өнер жауһарларынан ләззат алуға көмектеседі.