Бекмурзина Сәуле Жанбатырқызы

2 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымы өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінің кітапханашысы Бекмурзина Сәуле Жанбатырқызын еңбек сіңірген демалысына салтанатты шығарып салу рәсімін өткізді.
Сәуле Жанбатырқызы кітапхана саласында 10 жылдан астам өтілі бар білімді, білікті маман. Өз жұмысына адал қызметкер. Осындай ерекше күні қажырлы еңбегі үшін Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов Алғыс хатпен марапаттаса, «Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Беспалинов Берген Маратұлы көп жылдық партиялық белсенділігі үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *