«Бірлігі жарасқан қазақ елі!» әдеби-музыкалық кеші

30 сәуірде М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК-ның «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс бөлімі» 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлігі жарасқан қазақ елі!» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Шара осы мерекеге арнайы дайындалған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» атты бейнероликпен басталды.
Іс-шара қонақтары: Жобаларды іске асыру және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы құрылымдарымен жұмыс бөлімнің этно-мәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жөніндегі маманы Айдосова Б.Д., Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесінің» төрайымы, ақын, 30-ға жуық әннің авторы Рахымжанова К.С., ҚР суретшілер одағының мүшесі, жазушы І. Есенберлинге қойылған Атбасардағы ескерткіштің авторы Седлецкий И.Л. Сол сияқты «Халық құрметі» орденінің иегері, Тәуелібайдың бұлбұлы, Степногорск қаласына қарасты Ақсу кенті жанындағы «Кимешек» хорының көркемдік жетекшісі Б.Ж. Мұратова, Атбасар ауданы, Ақан Құрманов ауылының тұрғыны Ширяев С.А. ZOOM платформасында байланысқа шықты. Седлецкий И.Л. ата-бабаларының Қазақстанға қалай жер аударылғандығы жайында әңгімелеп берсе, Ассамблея мамандары өз жұмыстары жөнінде сөз сөйлеп, тілектерін, жастарға ақыл-кеңестерін білдірді. Рахымжанова К.С. «Өзім туралы», «Зерендім» әндерін орындады. Ал Мұратова Б.Ж. «Өз елім» әнін онлайн форматта орындап берді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *