Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыптық сағат ұйымдастырды. Іс-шараға Әл-Фараби атындағы IT мектеп-лицейінің 3 сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапхана қызметкері балаларға Қазақстан халқының татулығы мен достығы туралы мазмұнды әңгіме жүргізді. Оқушылар әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, іс-шара аясында балаларға арналған викториналық сұрақтар қойылып, танымдық ойындар өткізілді.
Шара жылы әрі көңілді атмосферада өтіп, балалар өз білімдерін толықтырып, патриоттық рухтарын нығайтты.