31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Ол қазақ тарихындағы ең қасіретті де қайғылы кезеңдердің бірі. Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қазақстан республикасы ұлттық гвардиясының 5510 әскери бөлімшесінде «Бұл туралы ұмытуға болмайды» атты еске алу кешін өткізді. Бұл іс-шарада репрессия құрбандары болған қазақ зиялыларының елге сіңірген еңбектері, ұлтқа жасаған жақсылықтары айтылды. Солақай саясатқа қарсы шығып, ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу болуына атсалысқан тұлғалардың есімі – ел есінде екенідігі мәлім. Шара барысында Алаш қайраткерлері жайлы бейнеролик және соңғы жылдары жарыққа шыққан «Міржақып Дулатов. Оян, қазақ!», «Ұлт ұстазы» фильмдеріне шолу жасалды. Бұл деректерді көріп, естіген көрермен қауым өз ойларымен бөлісті.